Әкімшілік

Директор: Байгабелов Алтынбек Өсербайұлы 

Қостанай облысы қоғамдық кеңесі төралқасының мүшесі

«Қостанай облысының тұтыну кооперативтері және коммерциялық ұйымдары қауымдастығының» басқарма төрағасы 

«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тәуелсіз директоры 

Қостанай облыстық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының мүшесі 

Қостанай облыстық нотариаттық палатасының тәртіптік комиссиясының мүшесі

тел: 8 7142 56-81-62 

e-mail: kekk.kst@mail.ru 

Қазақстан Республикасының заңнамасына жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді. Басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді. Әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасайды.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: 

Китаева Лариса Геннадьевна 

тел: 8 7142 395499 

e-mail: zyrkvk@mail.ru 

Қазақстан Республикасының заңнамасына, жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады. Жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен оқыту, үлгі оқу бағдарламаларын оқытушылардың орындауы бойынша жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді. Оқу процесінің сапасын бақылауды, оқу жоспары мен бағдарламалардың орындалуын жүзеге асырады. Білім алушылардың ағымдағы бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу және дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Педагогтік кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: 

Нурушева Айжангуль Сабыржановна 

Тел: 8 7142 56-82-64

Тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарлар мен іс-шаралардың әзірленуін, кәсіби бағдар беру жұмыстарының ағымдағы және стратегиялық жоспарлануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасайды. Сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, дене тәрбиесі сауықтыру және көркемдік эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру оқытушыларының қызметтерін үйлестіреді. Тәрбие жұмысына талдау жасайды. Тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбиелік іс-шараларды дайындау мен өткізу бойынша әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; тәрбие процесінің сапасына, үйірмелер, секциялар жұмыстарына және тәрбие жұмысының басқа да түрлеріне, девианттық мінез-құлықты балалармен жүргізілетін жеке тәрбие жұмысына жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады. Білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмысты жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Жұртшылық және құқық қорғау органдары өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының кызметтері мен құрылымдарының, әкімшілік өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Білім беру ұйымындағы моральды-психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз етеді.  

Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары: 

Токтаров Талгат Сартаевич 

Тел: 8 7142 56-82-64 

e-mail: t_talgat@mail.ru 

Ақпараттандыру процесін, оның ресурстық қамтамасыз етілуін, оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды іске асыруды ұйымдастырады. Оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізеді және пайдаланады. Оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланысты орнатады. Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагог және басқару кадрларын оқытуды ұйымдастырады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды.

Әдістемелік орталықтың жетекшісі: 

Успанова Зарина Наймановна 

Тел: 8 7142 56-82-64 

e-mail: zarinochka.u.n_90@mail.ru

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқу-әдістемелік жұмысын басқарады. Оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды. Әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу  оқу-әдістемелік жұмысы жөнінде есептік құжатты дайындау жөніндегі кафедралардың жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін үйлестіреді. Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламаларын, оқулықтарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерін әзірлеуде жәрдем көрсетеді, облыстық (қалалық) білім басқармаларының әдістемелік кабинеттерінің, баспалармен ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жөнінде жинақтарды, нұсқаулықтарды және басқа да басылымдарды дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Оқу-әдістемелік жұмыстардың жай-күйін ұйымдастырады және талдайды, эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды. Оқытудың инновациялық әдістерін зерделейді, таратады және тәжірибеге енгізеді. Оқу-әдістемелік қызмет нәтижелері туралы есеп береді. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жалпылау және енгізу бойынша кафедрасының жұмысын үйлестіреді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды, оқу-жоспарлау құжаттамаларын жасауға қатысады. Кафедралардың жұмысын басқарады. Семинарлар, конференциялар, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады. Ашық сабақтар өткізуді және оларды талдауды ұйымдастырады.