Колледж студенттерінің «WorldSkills Kostanay-2024» — Өңірлік кәсіби шеберлік Чемпионатына қатысуы

Қостанайда «WorldSkills Kostanay-2024» Өңірлік кәсіби шеберлік Чемпионаты аяқталды, оған біздің колледж студенттері қатысты:

  1. Панчеха Ольга Викторовна (М-222 тобы), Большедворская Алена Владимировна (М-222 тобы), «Визуалды мерчандайзинг және витринистика» құзыреттілігінің бағыты – сарапшы-компатриот – Е.В.Громова, А. И. Сысоева.
  2. Краснова Инга Владимировна (Пбу-1 тобы), «Есеп және аудит» құзыреттілігінің бағыты – сарапшы-компатриот А. Ж. Кусымбаева.
  3. Козаков Егор Романович (Л-7 тобы), Баженов Никита Владимирович (Л-5 тобы), «Жүктерді (автокөлікпен) тасымалдау» құзыреттілігінің бағыты – сарапшы-компатриот Нурушева А. С.

WorldSkills стандарттары бойынша кәсіби шеберлік конкурсы өзін-өзі жүзеге асырудың және өзін-өзі жетілдірудің тиімді құралдарының бірі, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, таңдалған мамандыққа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, туындаған мәселелерге тез әрекет ете білуге, жұмыс жағдайларында икемді бола білуге ықпал ететін фактор болып табылады.

         Биылғы жылы бәсекелестік деңгейі өте жоғары болды, бірақ біздің студенттер «WorldSkills Kostanay – 2024» Өңірлік кәсіби шеберлік Чемпионатында жоғары дайындық деңгейін көрсетті, колледждің намысын қорғап, өздерінің мамандықтары бойынша үздік екендіктерін дәлелдеді.

         Осылайша, Большедворская Алена Владимировна (М-222 тобы) «WorldSkills Kostanay – 2024» Өңірлік кәсіби шеберлік Чемпионатының жүлдегері атанып, «Визуалды мерчандайзинг және витринистика» құзыреттілігі бағытында 2 орын алды.  Әрине, бұл қатысушыларға өздерінің білімдерін, кәсіби біліктері мен дағдыларын салған тәлімгерлердің, Е.В.Громованың, А. И. Сысоеваның еңбегі зор.

Колледж әкімшілігі қатысушыларға және тәлімгерлерге кәсіби шеберлігі мен жанқиярлық, қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіреді.

         Құттықтаймыз және жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Вам может также понравиться...