Рубрика: Жаңалықтар

«Оқимыз. Ойланамыз. Жасаймыз: кітап мамандықтарды біріктіреді» атты «Оқуға құштар ұлт – Оқуға құштар колледж» акциясыаясындағы кәсіпаралық зияткерлік диалог

«Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесінде республикалық «Оқуға құштар ұлт — Оқуға құштар колледж» акциясы аясында «Оқимыз. Ойланамыз. Жасаймыз: кітап мамандықтарды біріктіреді» атты кәсіпаралық зияткерлік диалог өтті. Зияткерлік диалогқа екі мамандық бойынша білім алып жатқан 2-курс студенттері — «Банк және сақтандыру ісі» және «Есеп және аудит» мамандықтарының білім алушылары қатысты. Кездесу білім алмасуға, тың идеялармен бөлісуге және әдебиеттің заманауи маманға қажетті кәсіби қасиеттерді дамытудағы рөлі туралы ой бөлісуге арналған алаңға айналды. Іс-шара бағдарламасы бірнеше зияткерлік сайыстан тұрды. Қатысушыларға өздерінің эрудициясын, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық көзқарасын және оқыған шығармаларынан алған білімдерін кәсіби тұрғыда қолдана білу дағдыларын көрсету міндеті қойылды. «Әдебиет және мамандық» раунды аясында қатысушылар белгілі көркем және ғылыми-көпшілік шығармалардың идеяларын болашақ маманның кәсіби қасиеттерімен байланыстыруға тырысты. «Баяу ойлан,...

Қостанай жоғары колледжі Қазтұтынуодағының студенттері — AQYL CUP зияткерлік ойындар лигасының финалистері

Қостанай облысында «Жастар Рухы» корпоративтік қоры ұйымдастырған AQYL CUP зияткерлік ойындар лигасы өз мәресіне жетті. Ауқымды зияткерлік жоба өңірдегі колледждер мен жоғары оқу орындарының белсенді, мақсатшыл әрі білімге құштар студенттерінің басын қосып, оларға өз білімдерін, зияткерлік қабілеттерін және жеке дамуға деген ұмтылыстарын көрсетуге мүмкіндік берді. Лига төрт кезең бойынша өткізілді. Әр кезең қатысушылардан кең дүниетанымды, жоғары эрудицияны ғана емес, сонымен қатар логикалық ойлау, ақпаратты жылдам талдау, шешім қабылдау және командада тиімді жұмыс істеу қабілеттерін талап етті. «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесінің намысын Мусагулова Айдана, Харченко Егор, Сарсенбаева Алина, Аманбаева Адия және Кожумбетова Дильназ есімді студенттеріміз абыроймен қорғады. Зияткерлік сайыстың барлық сынақтарынан сүрінбей өтіп, кезеңдерді сәтті еңсерген студенттеріміз Лиганың финалистері атанды. 19 қараша күні AQYL CUP лигасының қорытынды кезеңі — финалдық сайыс өтті. Зияткерлік жобаның жарқын қорытындысына айналған бұл шараның нәтижесінде колледжіміздің студенттері белсенді қатысқаны және қабілеттерін танытқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды....

«Философия және кітап: ойлы ұрпаққа бастар жол»

Қостанай жоғары колледжінде Дүниежүзілік философия күніне орай «Оқитын ұлт – оқитын колледж» республикалық акциясы аясында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараның құрметті қонағы – философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының V–VI шақырылымдарының депутаты, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы БектұрғановСерікШыңғысұлы болды. Кездесуді ұйымдастырып, жүргізген Тажмакина Галина Кавазовна – философияға шын жүректен берілген, жастардың зияткерлік және рухани дамуына ерекше көңіл бөлетін жан. Ол Дүниежүзілік философия күні мен «Оқитын ұлт – оқитын колледж» акциясын өзара байланыстыра отырып,...

«Поэзия сөзі шырқалған сәтте…»

Светлана Витальевна Маньшинаның шығармашылығымен кездесу «Оқуғақұштар ұлт – оқырман колледж» республикалық акциясы аясында «Оқуға құштар ұлт — оқырман колледж» республикалық акциясы аясында «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжі» мекемесінде Қостанай қаласының ақын қызы, «Солтүстік Қазақстан әдебиетшілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Светлана Витальевна Маньшинаның қатысуымен студенттерге арналған әдеби кездесу өтті. Кездесу студенттер үшін қазіргі заманғы поэзия әлеміне жақындауға, жергілікті ақынның шығармашылығымен танысуға және поэзия сөзінің құдіретін сезінуге тамаша мүмкіндік болды. Іс-шара барысында Светлана Витальевна өзінің шығармашылық тәжірибесімен бөлісіп, өлең жазуға шабыт беретін ойлары...

«Банк жүйесімен танысу: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде өткен ашық есік күні»

«Ашық есік күні» іс-шарасы аясында Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжінің БСДк-3, БСД-6 және БСД-7 топтарының студенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына барды. Барудың мақсаты — студенттерді Ұлттық Банктің қызметімен, оның негізгі функциялары мен міндеттерімен,...

Педагогтің кәсіби жетістіктері – білім беруді дамытуға және колледждің имиджін нығайтуға қосқан үлесі

Қостанай жоғары колледжі Қазтұтынуодағының педагогі Қабдрашова Әсел Балтабаевна көрнекті қазақ ағартушысы, педагог және қоғамқайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық қатысумен өткен Республикалық педагогикалық оқуларда III орынға ие болды. Педагогикалық оқулар «Ыбырай Алтынсарин мұрасы: гуманистік идеялар және заманауи...

«Желтоқсан – тәуелсіздіккебастаржол» тақырыбындағытарихиквест-ойыны.

2026 жылғы 6 қарашада Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжінде «Тарих тағылымы» атты тарихи квест-ойыны «Банк және сақтандыру ісі»  мамандығы БСДК-4 тобының 1 курс студенттері арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның тақырыбы – «Желтоқсан – тәуелсіздікке бастар жол». Квест-ойынның негізгі мақсаты – студенттердің тарихи білімдерін кеңейту, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын түсіндіру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді, ұлттық рухты және ел тарихына деген құрметті қалыптастыру. Іс-шара барысында студенттер Желтоқсан оқиғасына қатысты тарихи деректер мен мәліметтерді еске түсіріп, түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Топтық жұмыс барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау және бірлесе жұмыс істеу қабілеттерін дамытты. Квест-ойын студенттердің тарихи санасын қалыптастыруға, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең түсінуге және еліміздің өткеніне құрметпен қарауға бағытталды....

№76 мекемесіне экскурсия

Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрмет сезімін қалыптастыру және құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту мақсатында 2026 жылғы 6 қарашада 04210100 «Құқықтану» мамандығының П-82 тобының студенттеріне арнайы пәндер оқытушысы А.И. Байжақупованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№76 мекеме» РММ-не танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында студенттер мекеменің қызметімен, оның негізгі жұмыс бағыттарымен, қамауда отырған адамдарды ұстау жағдайларымен, сондай-ақ белгіленген режимді сақтау ерекшеліктерімен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен танысты. Ерекше назар құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының рөлі мәселелеріне аударылды. Мекеме қызметкерлері студенттерге заң бұзушылықтың салдары, құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы және құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы туралы түсіндірді. Экскурсия студенттерге құқық қорғау жүйесінің қызметімен тәжірибе жүзінде танысуға,...

ОЭ-15 және ОЭ-16 топтарының студенттері топырақ үлгілерін тәжірибе жүзінде зерттеді

Оқу сабақтары аясында ОЭ-15 және ОЭ-16 топтарының студенттері топырақтың әртүрлі түрлерін зерттеуге арналған практикалық жұмысқа қатысты. Студенттер топырақ үлгілерін қарастырып, олардың құрылымы мен ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар табиғи материалдармен жұмыс жасап, олардың қасиеттері мен...

ОЭ-15 және ОЭ-16 топтарының студенттері «Васильевский» тұрғын үй кешеніне экскурсия жасады

Қостанай жоғары экономикалық колледжінің ОЭ-15 және ОЭ-16 топтарының студенттері «Васильевский» тұрғын үй кешеніне экскурсия жасады. Құрылыс салушы — Елена Д. Экскурсияның мақсаты — студенттерді заманауи құрылыс материалдары мен конструкцияларымен таныстыру, сондай-ақ жылжымайтын мүлік бағалаушысының...

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.