«Оқимыз. Ойланамыз. Жасаймыз: кітап мамандықтарды біріктіреді» атты «Оқуға құштар ұлт – Оқуға құштар колледж» акциясыаясындағы кәсіпаралық зияткерлік диалог

«Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесінде республикалық «Оқуға құштар ұлт — Оқуға құштар колледж» акциясы аясында «Оқимыз. Ойланамыз. Жасаймыз: кітап мамандықтарды біріктіреді» атты кәсіпаралық зияткерлік диалог өтті.

Зияткерлік диалогқа екі мамандық бойынша білім алып жатқан 2-курс студенттері — «Банк және сақтандыру ісі» және «Есеп және аудит» мамандықтарының білім алушылары қатысты. Кездесу білім алмасуға, тың идеялармен бөлісуге және әдебиеттің заманауи маманға қажетті кәсіби қасиеттерді дамытудағы рөлі туралы ой бөлісуге арналған алаңға айналды.

Іс-шара бағдарламасы бірнеше зияткерлік сайыстан тұрды. Қатысушыларға өздерінің эрудициясын, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық көзқарасын және оқыған шығармаларынан алған білімдерін кәсіби тұрғыда қолдана білу дағдыларын көрсету міндеті қойылды.

«Әдебиет және мамандық» раунды аясында қатысушылар белгілі көркем және ғылыми-көпшілік шығармалардың идеяларын болашақ маманның кәсіби қасиеттерімен байланыстыруға тырысты. «Баяу ойлан, жылдам шешім қабылда», «Аяқ киім сатушы», «Төртінші өнеркәсіптік революция», «Қара сөздер» және «Икигай» кітаптары аналитикалық ойлау, кәсіпкерлік бастамашылдық, цифрлық сауаттылық, адалдық, жауапкершілік және мақсатқа ұмтылушылық қасиеттерін талқылауға негіз болды.

Кітап марафоны аясында оқылған шығармалардың практикалық пайдасын талқылауға арналған тапсырма ерекше қызығушылық тудырды. Студенттер болашақ банк қызметкері немесе бухгалтер неліктен белгілі бір кітапты оқуы керек және оның кәсіби қызметте қандай білім мен қасиеттерді дамытуға көмектесетіні туралы өз ойларын ортаға салды.

Келесі кезең «Кітапты бірнеше сөзбен» атты сайыс болды. Командаларға кітап марафоны аясында оқылған кітаптарды қысқаша әрі мазмұнды сипаттап, олардың негізгі идеясын және маңызды ойларын жеткізу тапсырылды.

Қорытынды кезеңде «Өз табыс формулаңды құрастыр» атты шығармашылық тапсырма ұсынылды. Командаларға берілген «кітап», «білім», «жауапкершілік», «ойлау», «кәсібилік» және «шығармашылық» ұғымдарын пайдалана отырып, табысты маманның өзіндік формуласын құрастыру қажет болды.

Іс-шара қызықты пікір алмасу, зияткерлік ізденіс және шығармашылық өзара әрекеттестік атмосферасында өтті. Қатысушылар оқу тек қызығушылық қана емес, сонымен қатар кәсіби қалыптасу мен табысты болашақтың маңызды құрамдас бөлігі екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді.

Білу үшін оқимыз. Түсіну үшін ойланамыз. Табысқа жету үшін жасаймыз! Өйткені кітап шынымен де мамандықтарды, ұрпақтарды және адамдарды біріктіреді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.