«Желтоқсан – тәуелсіздіккебастаржол» тақырыбындағытарихиквест-ойыны.


2026 жылғы 6 қарашада Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжінде «Тарих тағылымы» атты тарихи квест-ойыны «Банк және сақтандыру ісі» мамандығы БСДК-4 тобының 1 курс студенттері арасында ұйымдастырылды.
Іс-шараның тақырыбы – «Желтоқсан – тәуелсіздікке бастар жол».
Квест-ойынның негізгі мақсаты – студенттердің тарихи білімдерін кеңейту, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын түсіндіру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді, ұлттық рухты және ел тарихына деген құрметті қалыптастыру.
Іс-шара барысында студенттер Желтоқсан оқиғасына қатысты тарихи деректер мен мәліметтерді еске түсіріп, түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Топтық жұмыс барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау және бірлесе жұмыс істеу қабілеттерін дамытты.
Квест-ойын студенттердің тарихи санасын қалыптастыруға, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең түсінуге және еліміздің өткеніне құрметпен қарауға бағытталды.
Желтоқсан – халқымыздыңазаттыққаұмтылғанрухыныңсимволы, алТәуелсіздік – ата-бабамыздыңасыларманыныңжүзегеасуы.Іс-шараны ұйымдастырған: Жомарт А.Б


Директордың блогы