№76 мекемесіне экскурсия

Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрмет сезімін қалыптастыру және құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту мақсатында 2026 жылғы 6 қарашада 04210100 «Құқықтану» мамандығының П-82 тобының студенттеріне арнайы пәндер оқытушысы А.И. Байжақупованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№76 мекеме» РММ-не танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында студенттер мекеменің қызметімен, оның негізгі жұмыс бағыттарымен, қамауда отырған адамдарды ұстау жағдайларымен, сондай-ақ белгіленген режимді сақтау ерекшеліктерімен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен танысты.

Ерекше назар құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының рөлі мәселелеріне аударылды.

Мекеме қызметкерлері студенттерге заң бұзушылықтың салдары, құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы және құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы туралы түсіндірді.

Экскурсия студенттерге құқық қорғау жүйесінің қызметімен тәжірибе жүзінде танысуға, құқықтық білімдерін кеңейтуге және қоғамдағы заңға бағынушылық мінез-құлықтың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.

Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін және заңға деген құрметін қалыптастыруға, сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқараспен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.

Заңдылық пен құқықтық тәртіп – тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның негізі!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.