«Банк жүйесімен танысу: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде өткен ашық есік күні»




«Ашық есік күні» іс-шарасы аясында Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжінің БСДк-3, БСД-6 және БСД-7 топтарының студенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына барды.
Барудың мақсаты — студенттерді Ұлттық Банктің қызметімен, оның негізгі функциялары мен міндеттерімен, сондай-ақ елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлімен таныстыру. Кездесу барысында студенттер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі, оның ақша-кредит саясаты, қаржы жүйесін реттеу, қолма — қол ақша айналымын ұйымдастыру және ұлттық валюта-теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктері туралы білуге мүмкіндік алды.
Білім алушылардың ерекше қызығушылығы банк жүйесі жұмысының практикалық жағымен танысуға, қаржы саласын дамытудың заманауи бағыттары және Ұлттық Банктің мемлекет экономикасындағы маңызы туралы білуге мүмкіндік туғызды. Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтуге, студенттердің кәсіби көкжиегін тереңдетуге ықпал етеді.Ұлттық банк қызметкерлерімен кездесу колледжде алған білімдерін нақты кәсіби қызметпен байланыстыруға мүмкіндік берген студенттер үшін танымдық және пайдалы тәжірибеге айналды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалының қызметкерлеріне жылы қабылдауы, мазмұнды кездесуі және қаржы мекемесінің қызметімен танысу мүмкіндігі үшін алғыс білдіреміз!


Директордың блогы