Педагогтің кәсіби жетістіктері – білім беруді дамытуға және колледждің имиджін нығайтуға қосқан үлесі

Қостанай жоғары колледжі Қазтұтынуодағының педагогі Қабдрашова Әсел Балтабаевна көрнекті қазақ ағартушысы, педагог және қоғамқайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық қатысумен өткен Республикалық педагогикалық оқуларда III орынға ие болды.

Педагогикалық оқулар «Ыбырай Алтынсарин мұрасы: гуманистік идеялар және заманауи педагогикалық білім беру» тақырыбында өткізіліп, кәсіби тәжірибе алмасу, білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, ұлы ағартушының педагогикалық мұрасын зерделеу және оның қазіргі білім беру тәжірибесіндегі маңызын айқындау алаңына айналды.

Аталған іс-шараға қатысу Қабдрашова Әсел Балтабаевнаға өзінің кәсіби тәжірибесін таныстыруға, педагогикалық идеяларымен бөлісуге және заманауи білім беруді дамытудың өзекті бағыттарын талқылауға өз үлесін қосуға мүмкіндік берді.

Әсел Балтабаевнаның ғылыми және әдістемелік қызметті белсенді әрі жүйелі түрде дамытып келе жатқан педагог екенін ерекше атап өткен жөн. Ол ғылыми-зерттеу жұмыстарына бастамашылдық танытып, кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіруге ұмтылады, заманауи педагогикалық тәсілдерді зерделеп, тәжірибесіне енгізеді, жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп, түрлі деңгейдегі кәсіби іс-шараларға белсенді қатысады.

Мұндай қызмет педагогтің тек жеке және кәсіби өсуге ғана емес, сонымен қатар білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, студенттердің шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін дамытуға, педагогикалық ұжымның әдістемелік мәдениетін нығайтуға да ұмтылысын көрсетеді.

Қабдрашова Әсел Балтабаевна нылайықты III орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да кәсіби табыстарға, жаңа ғылыми идеяларға, шығармашылық шабыт пен толағай жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! Білім мен педагогика саласын дамытуға деген ұмтылысы мен ұстаздық қызметке деген адалдығы жаңа жеңістер мен кәсіби жетістіктерге жол ашсын!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.