«Ашық есік күні» — Болашаққа қадам!

Қазіргі әлемдегі ең қуатты құрал-уақыт пен білім. Өткінші бағалы заттар. Білім тез ескіруде, сондықтан адамзат баласы алған білімін үнемі толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Ал уақыттың тез өтіп бара жатқаны соншалық, тәуліктің өзі жеткіліксіз. Сондықтан бір жерде және бір уақытта ең көп ақпарат пен қызметтерді алу өте маңызды.

2024 жылдың 26 сәуір күні Бейімбет Майлин елді мекенінде Бейімбет Майлин елді мекені мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы, білім беру бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау барысында оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында өңіріміздің колледждері мен жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қазіргі таңда оқушылар үшін дұрыс мамандық таңдап, табысты болашағына қадам жасау үшін барлық жағдай жасалған. Оқу орындарының өкілдері өз үлестерін қосып, түлектерге мамандық таңдауда көмек көрсетуде. Талапкерлерге білім беру мүмкіндіктерін көрсету, оқу орындарының олар үшін сапалы білім беруге әрқашан дайын екендігін жеткізу — біздің мақсатымыз.

Жиынға қатысушыларға жаңа жасақталған мамандықтар бойынша толық ақпаратты қамтитын бейнежазбалар, бүктемелер және басқа да жарнамалық мәліметтер көрсетілді. Шараға 270 адам қатысты. Ұйымдастырушылар Бейімбет Майлин елді мекенінде Ашық есік күндерін өткізу дәстүрлі іс-шараға айналатынын айтты.

Іс-шараны ұйымдастырушыларға жылы қабылдағаны үшін, оқу орындары мен мектептердің танысуы үшін, мазмұнды бағдарлама дайындағаны үшін зор алғыс айтамыз.

Вам может также понравиться...