Форте банк АҚ маманы Д.О. Мухамедгалиевамен «Жастарға арналған банк өнімдері» тақырыбында кездесу



Колледжде банк секторы өкілдерімен кездесулер өткізу жақсы дәстүрге айналды, бұл студенттерге банк мамандарымен «тікелей» әңгімелесуге және толғандырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
2024 жылғы 5 желтоқсанда біздің колледжге Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің түлегі, «Fortebank» АҚ қызмет көрсету жөніндегі аға менеджері Д.О. Мухамедгалиева «Жастарға арналған банк өнімдері» ақпаратымен келді. Қызметкермен кездесуге 04120100 «Банк және сақтандыру ісі» мамандығы бойынша БСД-3 тобының студенттері шақырылды. Дарина Омаровна студенттерге банк карталары, банк салымдары туралы айтып берді.
Әңгімелесу барысында қатысушылар Қазақстанда клиенттердің түрлі санаттары үшін, оның ішінде жастар үшін жаңа банктік өнімдер табысты сатылуда деген қорытындыға келді.
Сондай-ақ қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне назар аударылды, өйткені осы салада алаяқтық жағдайлары жиі кездеседі.
Қатысушылардың пікірінше, кездесу қызықты әрі жемісті өтті, студенттер өз міндеттерін табысты орындау үшін банк қызметкерінің қандай қасиеттерге ие болуы керектігін білді.