Су — тіршілік көзі!

10 желтоқсанда біздің колледжде «Су – тіршілік көзі» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағаттың мақсаты — судың табиғи ресурс ретіндегі маңыздылығы туралы білімді кеңейту, суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау.
Студенттер су ресурстарына қатысты өзекті экологиялық мәселелерді және әрқайсымыздың оларды сақтаудағы рөлін талқылады. Өйткені, ең қарапайым әрекеттер де әлемді жақсарта алады!