«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» сауалнамасы

2025 жылғы 9 қаңтарда колледжде «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері мен клуб жетекшісі С.К. Мусаинов «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу!» атты сауалнама өткізді. Іс-шара сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, білім беру ортасында адалдық пен ашықтық құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған.
Сауалнама студенттердің шынайы пікірлерін жинауға, олардың осы маңызды тақырыпқа деген көзқарасын түсінуге және оқу процесін барынша ашық және әділ ету жолдарын анықтауға мүмкіндік берді.
Біз болашақты сыбайлас жемқорлықсыз құрамыз! Білім мен еңбекке деген адал көзқарас қана нағыз табысқа жетелейді.