Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы

14 ақпанда сағат 18:30 Қазтұтынуодағының Жоғары колледжінде 1-3 курс студенттерінің ата-аналарына арналған суицидтік мінез-құлықтың, буллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысты педагог-психолог С.Т. Абдрахманова өткізді, ол жасөспірімдердің дағдарыстық жағдайларының себептері, оларды анықтау және қолдау көрсету әдістері туралы айтып берді. Сондай-ақ отбасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту және стресстік жағдайлардың алдын алу бойынша ұсынымдар берді. Жиналыс соңында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Вам может также понравиться...

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.