Ашық есік күні!


Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжі 2025 жылдың 31 қазанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Лисаков қалалық білім бөліміне қарасты Октябрьский жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары үшін есігін айқара ашты.
Бұл іс-шара талапкерлерге колледж туралы көбірек білуге, сұрақтар қоюға және оқу үдерісіне енуге бірегей мүмкіндік берді. Олар оқу бағдарламасының қалай құрылғанын, студенттердің колледжде оқу жылдарын өткізу жағдайларын және оқуды бітіргеннен кейін олардың алдында ашылатын перспективаларды білді.
Талапкерлер – дұрыс таңдау жасаңыздар, өйткені мансаптық жетістік Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінен басталады! Біз сізді күтеміз!


Директордың блогы