Ашық есік күні — болашақ талапкерге арналған қадам.



Мамандықтар әлемі көп қырлы, болашақ жолды таңдау әрбір мектеп оқушысы үшін қиын — бірақ маңызды міндет.
2025 жылдың 29 қазанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Заречная мектеп-лицейі» КММ оқушылары «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесінде болды.
Сапар барысында мектеп оқушылары колледждің тарихымен, жетістіктерімен және дәстүрлерімен танысты. Кәсіптік бағдар беру орталығының басшысы А.Ж. Кусымбаева колледжде ұсынылатын мамандықтар туралы ақпарат беріп, әсіресе, заманауи және сұранысқа ие болатын даярлау бағыттарына тоқталылып, оларды атап өтті. Сонымен қатар, 2026-2027 оқу жылына қабылдау ережелері таныстырылды , бұл студенттерге қабылдау тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық түсінік алуға мүмкіндік берді.
Бұл кездесу студенттерге колледждің білім алу мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге және болашақ мамандығын таңдауға көмектесті. Мұндай іс-шаралар кәсіби бағдар беру жұмысын дамытуға және мектеп пен колледж арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына негіз қалайды.
Талапкер!
Болашаққа бір қадам жасаңыз – Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжіне келіңіз!
Тәжірибелі мұғалімдердің басшылығымен сапалы білім мен практикалық дағдыларды игеріп, студенттік өмірдің қызу кезеңіне еніңіз.
Біз сені күтеміз!


Директордың блогы