«SMALL» сауда кәсіпорнына экскурсия

Жұмысшы мамандықтар жылының өңірлік жоспарын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 25 қарашада 04130100 Менеджмент (салалар және қолдану салалары бойынша) мамандығының студенттері «SMALL» сауда кәсіпорны базасында ұйымдастырылған экскурсияға қатысты.

Іс-шара студенттерді заманауи сауда кәсіпорнының қызметін ұйымдастырумен практикалық таныстыруды, сауда-технологиялық процестерді зерделеуді, сондай-ақ менеджмент және қызмет көрсету саласында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Экскурсияны ұйымдастырушылар-арнайы пәндер оқытушылары, Василенко С.В., Ковальчук С.К., олар іс-шараның баратын бағытын, уақыты мен бағдарламасын жасады. Оқытушылар ұйымдастырушылық бақылауды, топты сүйемелдеуді, сондай-ақ объектідегі қауіпсіздік техникасы мен жүріс-тұрыс ережелері бойынша нұсқама жүргізуді қамтамасыз етті.

Экскурсия барысында студенттерді супермаркет әкімшісі қарсы алды, ол кәсіпорынға егжей-тегжейлі шолу жасап, топты оның жұмыс істеуінің негізгі аспектілерімен таныстырды. Студенттер белсенділік танытты, сұрақтар қойды, оқу сабақтарында одан әрі талдау және талқылау үшін ақпаратты тіркеді.

Супермаркет әкімшісі көрсеткен аймақтар:

— Сауда залы және тауар секциялары

— Тауарды қабылдау бөлімі

— Қойма аймағы

— Кассалық аймақ

— Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы

— Қызметтік үй-жайлар

— Маркетинг элементтері және промо-аймақтар

Студенттер сауда кәсіпорнын басқарудың практикалық аспектілеріне жоғары қызығушылық танытты: сұрақтар қойды, процестерді талдады, негізгі ақпаратты тіркеді және пікірталастарға қатысты.

Экскурсия студенттерге сауда кәсіпорнының қызметі туралы практикалық түсінік алуға, теориялық білімді бекітуге және сауда саласындағы басқарудың заманауи әдістері туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Вам может также понравиться...

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.