Салық қызметінің өкілімен кездесу

2026 жылдың 17 наурызында есеп-қаржы мамандықтары кафедрасының жұмыс жоспары бойынша оқытушылар Д. Т. Увалеева және У. А. Чекишева «Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы» РММ заң бөлімінің бас маманы Жанна Дүйсенбекқызы Тұрғановамен колледж оқытушылары мен Б-226 және Б-227 тобының студенттерімен «2026 жылғы 1 қаңтардың Салық кодексіндегі өзгерістер» тақырыбы бойынша кездесу ұйымдастырды.

     Іс-шараның мақсаты: Мүлікке салынатын салықтар  бойынша  өзгерістер туралы  студенттердің білімдерін жинақтау және бекіту. Ж. Д. Тұрғанова 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-ҚРЗ жаңа Салық кодексі жөнінде баяндады. Ж.Д Тұрғанова қандай салық түрлері бойынша мөлшерлемелер өзгергенін, арнайы салық режимдеріне қандай  жаңалықтар  енгізілгенін айтып өтті, сондай-ақ салық органдарының»E-Salyg Azamat» және «E-Salyg Business» цифрлық сервистері туралы түсіндірді. Сонымен қатар жер салығы және көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің  жойылғанын атап өтті. Заңды тұлғалардың мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер белгіленген талаптар сақталған кезде төленеді. Заңды тұлғалардың мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер белгіленген талаптар сақталған жағдайда  төленетінін айтты. Кездесу барысында  слайдтар қолданылып, интерактивті жабдықтар пайдаланды. Студенттер белсенділік танытып,сұрақтар қойып, жеке кеңес алды. Кездесу соңында оқытушылар Ж.Д. Тұрғановаға берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді. Ж. Д. Тұрғанова Қазақстан Республикасының әрбір азаматының заңнамада белгіленген мерзімде бюджетке салық төлеу талаптарды сақтауы міндет екенін  атап өтті.

Вам может также понравиться...

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.