Б — 225 тобындағы ашық сабақ

2024 жылғы 20 қарашада есептік-қаржылық пәндер кафедрасының жұмыс жоспары бойынша оқытушы К.А. Джантурина КМ 1 «Шаруашылық операцияларды құжаттандыру және ұйымның бухгалтерлік есебін жүргізу» модулі бойынша іскерлік ойын, «Аванстық есептерді жасау және өңдеу» практикалық жұмыс тақырыбы бойынша сабақ өткізді.

Іс-шараның мақсаты: аванстық есептерді жасау және өңдеу бойынша жұмыс дағдыларын бекіту.

Сабақтың міндеттері:

— сабақта алған білімдерін пайдалану;

— өткізілген сабаққа талдау жүргізу

Сабақ басында студенттер «Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу» тақырыбында таныстыру өткізді. Презентациядан кейін оқытушы топтың практикалық тапсырманы орындауға дайындығын тексеру мақсатында тақырып бойынша тестілеу өткізді. Содан кейін оқытушы практикалық жұмыс бойынша нұсқау берді және орындалған жұмыстардың кезеңдері бойынша бағалау критерийлерін көрсетті.

Оқытушы топты 10 адамнан тұратын 3 негізгі кіші топқа бөлді: Бухгалтерия -1; Бухгалтерия — 2 ; Бухгалтерия-3. Әр бухгалтерияға бір-бірінен өзгеше аванстық есептер бойынша өз тапсырмалары берілді. Әр бухгалтерияға бас бухгалтер тағайындалды, бухгалтерлер — 5 адам, олар есеп беру сомасын көрсете отырып, іссапар куәлігін жазды, содан кейін олар аванстық есепті өңдеді, ал іссапарға жіберілген адамдар — 5 адам аванстық есеп жасады. Студенттер белсенді болды, сұрақтар қойды. Жеке кеңес алдық.

Бас бухгалтерлер өз бухгалтериясының жұмысын қорытындылады, оң нәтижелер мен жекелеген кемшіліктерді атап өтті.

  Сабақ соңында рефлексия жүргізіліп, оқытушы жекелеген студенттердің белсенділігі үшін алғысын білдірді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.