«Сен өз құқықтарыңды білесің бе?» атты викторина


2025 жылдың 16 қаңтарында «Ұшқыр ой алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында құқық пәнінің мұғалімі М.С. Каратанов «Сен өз құқықтарыңды білесің бе?» атты викторина өткізді. Іс-шараның мақсаты студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, оларда күнделікті өмірде құқықтық білімді қолдану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ сыни ойлауды дамыту болды.
Студенттер викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп, түрлі құқықтық жағдайларды талқылады және азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы өз пікірлерімен бөлісті. Іс-шара интерактивті түрде өтті, бұл қатысушыларға материалды жақсы меңгеруге және құқық саласындағы өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік берді.