04210100 — Құқықтану мамандығы бойынша колледжде білім беру процесінің тиімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік серіктестердің қатысуы






2025 жылғы 28 ақпан айында «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесінде арнайы пәндер оқытушысы З.Н. Успанова және «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаменті Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы» РММ өкілдері бірлесіп ұйымдастырған 04210100 — Құқықтану мамандығының П-83, 2-курс тобында «Іс қағаздарын жүргізу стандарттарын және заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру» кәсіби модулі бойынша сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: 2.3 «Құқықтық құжаттардың жобаларын әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру» оқыту нәтижесін зерделеу шеңберінде салықтық тексеру жүргізу негіздері бойынша білімді жинақтау және жүйелеу.
Сабақтың тәжірибелік бөлігі білім алушылардың салықтық тексеру нұсқаманың «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 148-бабына сәйкестігін тексеруден тұрды.
Студенттер тапсырманы сәтті орындап, өздері үшін салықтық тексеру жүргізу кезінде заңнамалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Сабақтың кәсіби бағыты — бұл кәсіби мамандардың практикалық тәжірибесінің көрінісі, сондықтан практикалық қызметкерлерді шақыра отырып сабақ өткізу — оқу пәндері мен модульдерін оқыту тәжірибесінде жақсы дәстүр.
Мұндай іс-шаралар студенттердің болашақ кәсіби қызметіне назарын күшейтуге, еңбек нарығында қалай табысты болуға, сондай-ақ жақсы кәсіби дайындыққа назар аударуға мүмкіндік береді.