«Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесі студенттерінің «Бизнес аруы – 2025» атты Республикалық кәсіпкерлік байқауына қатысуы

2025 жылдың 20 мамырында «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесінің студенттері – Шидловская Анастасия, Кужла Анастасия, Горицына Вероника – оқытушы Байсалбаева Әлия Ержанқызының жетекшілігімен «Бизнес аруы – 2025» атты Республикалық байқауға қатысты. Байқау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың білім басқармаларының, сондай-ақ кәсіпкерлік және бизнес саласындағы серіктестердің қолдауымен Алматы қаласында ұйымдастырылды.

Аталған байқау Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі колледж студенттері арасында «Мен – кәсіпкермін» гранд-турнирі аясында өткізілді.

«Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесінің командасы кәсіпкерлік бойынша өңірлік байқауда жеңіске жетіп, Қостанай облысының намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Байқауға Қазақстанның 23 өңірінен келген жас кәсіпкер студент қыздар қатысып, инновациялық идеяларын ұсынды. Колледж командасы теріні өңдеу жобасын таныстырды.

Қатысушы командалар келесі кезеңдер бойынша сыналды:

— Таныстыру (визитка)

— Бизнес-жобаны таныстыру

— «Менің қызығушылықтарым әлемі» байқауы

Үлкен бәсекелестікке қарамастан, Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің командасы жүлделі үшінші орынды иеленді.

Осындай байқауларға қатысу студенттердің кәсіпкерлік қабілеттерін, сыни ойлауын дамытып, табысты стартаптар мен әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру үшін қажетті практикалық тәжірибе қалыптастырады.

Колледж әкімшілігі байқауға қатысқан студенттерге – Шидловская Анастасияға, Кужла Анастасияға, Горицына Вероникаға және жоба жетекшісі оқытушы Байсалбаева Әлия Ержанқызына шын жүректен алғыс білдіреді.

Алдағы уақытта табысты жобалар, батыл идеялар мен жаңа жеңістер тілейміз. Жеткен жетістіктеріңіз кәсіби жолдарыңызда жарқын болашақтың берік іргетасы болады деп сенеміз.

Вам может также понравиться...

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.