«Маркетолог мамандығына кіріспе: негіздері мен болашағы» атты мастер-класс



Еңбек күні қарсаңында 2025 жылғы 10 қыркүйекте «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесінде жұмысшы мамандықтар жылының өңірлік жоспарын іске асыру шеңберінде оқытушы Е.В.Громова «Маркетолог мамандығына кіріспе: негіздері мен болашағы» атты шеберлік сабағын ұйымдастырды. Іс-шара тәжірибелік қызметкер – «Qanat production» продюсерлік орталығының басшысы Г.С.Нұртазинамен бірлесіп өткізілді.
Қатысушылар «Маркетинг» мамандығының 2 курс студенттері, М-225 тобы болды.
Мастер-класс келесі кезеңдер бойынша өтті:
- Кіріспе: сәлемдесу, сабақтың мақсаттарын анықтау және бағдарламаның қысқаша сипаттамасы.
- Теориялық бөлім: маркетологтың бизнестегі рөлі, оның негізгі міндеттері, маркетинг құралдары.
- Демонстрациялық бөлім. Гүлнара Серікбайқызы маркетологтың нарықты және мақсатты аудиторияны талдау, өнімдерді құру және нығайту, клиенттер ағыны, сатуды түсіну, әлеуметтік желілер бойынша практикалық тәсілдерін, технологияларын, құралдарын көрсетті. «Qanat production» продюсерлік орталығының кейстерінің мысалдары, қандай жұмыс жүргізілді, қандай маркетинг құралдары пайдаланылды.
- Талқылау: маркетолог бүгін не білуі керек? Студенттер сұрақтар қойып, талқылады.
Қорытындылай келе, қатысушылар пікірлерімен бөлісті және ең қызықты сәттерді көрсете отырып, кері байланыс берді.
Осылайша, мастер-класс мүмкіндік берді:
— нақты уақыттағы және студенттердің белсенді қатысуымен практикалық тәжірибені беру;
— интерактивті байланыс;
— оқытушы мен практикалық қызметкердің жетекшілігімен маркетингтің жаңа, озық құралдарымен танысу.
Іс-шара соңында Гүлнара Серікбайқызы болашақ маркетолог мамандарға оқуда, кәсіби қызметте және өз мақсаттарына жетуде табыс тіледі.
Гүлнара Серікбайқызына қызықты кездесу үшін алғыс айтамыз!