«Халқымыздың асыл перзенті – ұлы Абай»

Облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің қабырғасында жалпы білім беру пәндері кафедрасынының қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушылары 2025 жылдың 24 қыркүйегі күні Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Халқымыздың асыл перзенті – ұлы Абай» атты іс-шара өткізілді.

Мақсаты – қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, жастардың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру.

Студенттердің шығармашылық қабілеті мен өнерге құштарлығы көрермен көңілінен шықты. Пк-20, Бсд-6, Бсд-7, М-227, Бсдк-3, Л-15, Бк-25 топтарының студенттері белсенді қатысып, Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен үзінділер келтірді және ақынның әндерін шырқады. Ұйымдастырушылар – Т.Т. Тулеубаева, Ш.Ш. Игисинова, М.Д. Есімхан студенттердің ұлттық рухани құндылықтарға қызығушылығын арттырып, ұлы ойшыл мұрасының маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.

Вам может также понравиться...

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.