Банк және сақтандыру ісі  мамандықтарына арналған студенттерге экскурсия «Банктегі бір күн: кассадан инвестицияға дейін»

Студенттердің кәсіби дамуының тиімділігін арттыру және тәжірибеге бағытталған оқытуды жүзеге асыру үшін «Банк  және сақтандыру ісі » мамандығының  Бсд-5 және  Бсдк – 2 тобының студенттері «Alatau Citi Bank» АҚ-ға барып, бір күн  нағыз банк командасының бір бөлігі болу тәжірибесін тамашалады.

        Экскурсия ең жылдам дамып келе жатқан банктердің бірінің ішкі құрылымымен танысуға, негізгі бөлімшелердің жұмыс принциптерін түсінуге және шынайы өмірдегі кәсіби сұрақтарға жауап алуға  мүмкіндік берді.

       Экскурсия банк операцияларының барлық кезеңдерін терең шолуды қамтыды: операциялар алаңы және клиенттерге қызмет көрсету, несие бөлімі, активтер мен инвестицияларды басқару, цифрлық технологиялар және қауіпсіздік.

       Студенттер атап өткендей, мұндай экскурсия қай бағытта жүру керектігін және теорияның тәжірибеде қалай қолданылатынын түсінуге мүмкіндік береді.

     Біз «Alatau Citi Bankтің »  қонақжайлылығы, тартымды бағдарламасы және болашақ банк мамандарымен білім алмасуға дайындығы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

     Мұндай  кездесулер студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және қаржы саласында табысты мансап құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.Ұйымдастырушыларға банкті іштен көруге мүмкіндік бергені үшін рахмет!

Вам может также понравиться...

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.