Құқықтық марафон: құқықтанумамандығыстуденттерініңзияткерліксайысы



«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2026 жылдың 30 қаңтарында Қостанай облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Адель Кикимова Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің 3-курс студенттері арасында «Құқықтық марафон» зияткерлік ойынын өткізді.
Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Зияткерлік ойын барысында студенттер Қазақстан Республикасы Конституциясы, әкімшілік, азаматтық және отбасылық заңнама негіздері, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін нормалар бойынша білімдерін көрсетті.


Директордың блогы