«Таланттар шоқ жұлдызы: оқытушы мен студент — бір команда»

Биыл колледж өзінің маңызды мерейтойын — 70 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде оқу орны тек білім беру мекемесі ғана емес, сонымен қатар дарынды жастар мен кәсіби педагогтарды біріктіретін нағыз шығармашылық орталыққа айналды. Мерейтой қарсаңында колледжде түрлі фестивальдер мен байқаулар ұйымдастырылып, студенттер мен оқытушылардың бірлігін нығайтып, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беруде.
Осындай іс-шаралардың бірі — бүгін өткен, колледждің 70 жылдығына арналған оқытушылар мен студенттер арасындағы «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы. Байқауға 9 педагог қатысты: кейбірі бір студентпен дуэт құрып өнер көрсетсе, енді бірі топпен бірге сахнаға шықты. Бұл өзара түсіністік пен бірліктің, ортақ шығармашылықтың жарқын көрінісі болды.
Қазылар алқасы арнайы шақырылған шығармашылық сала өкілдерінен құралды:
Намиялы Динара — Қостанай облыстық филармониясының әншісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. «Жанды дауыс тележобасының жеңімпазы. Меценаттар клубы «Шабыт» сыйлығының лауреаты;
Намиялиева Алия — халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Қазақстан дауысы» тележобасының қатысушысы;
Щербакова Дарья Сергеевна-облыстық Қазақстан Халықтары Ассамблеясының баспасөз хатшысы.
Байқау бағдарламасы өте мазмұнды әрі алуан түрлі болды: көрермендер жанды музыка сүйемелдеуімен орындалған вокалдық дуэттерді, театрландырылған қойылымдарды, топтық өнер көрсетулерді, шағын спектакльдерді, Абайдың қара сөздерінен үзінділерді мәнерлеп оқуды, сондай-ақ әсерлі латын билерін тамашалады. Әрбір нөмір өзіндік ерекшелігімен және жоғары деңгейдегі дайындықпен көзге түсті.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде — педагог Нурушева А.С. және студент Нұрмұхан Алибек
I орын — педагогтар Досмаганбетова Ж.Т. және Успанова З.Н., студентка Хамитова Зарина
II орын — педагог Исламкина С.В. және студент Айшуаков Мирас
III орын — педагог Салыков С.Ж. және студентка Агыбаева Аймерей
«Екі жұлдыз» байқауы колледж қабырғасында нағыз таланттардың бар екенін және ұстаз бен студенттің бірлескен еңбегі керемет нәтижелерге жеткізетінін тағы бір дәлелдеді.


Директордың блогы