Практик мамандар – колледж түлектерімен кездесу

«Менің мамандықтағы жолым: тәжірибе мен жетістіктер»

2026 жылғы 8 сәуірде «Қостанай жоғары колледжі Қазпотребсоюзы» мекемесінің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында «Менеджмент, маркетинг және логистика» кафедрасының оқытушылары практик мамандар – колледж түлектерімен «Менің мамандықтағы жолым: тәжірибе мен жетістіктер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шара қонақтары:
 Онайбекова Маншук Темірбековна, ЖК «Онайбекова М.Т.», жетекші, 2009 жылғы түлек
 Алиев Рамиль Мұхтарович, «ТДС» ЖШС, коммерциялық бөлім менеджері, 2015 жылғы түлек
 Латыпов Руслан Габдулович, «MERELLY GROUP» ЖШС, директор, 2017 жылғы түлек
 Леонова Ксения Александровна, «Автодом Қостанай» ЖШС, клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі, 2024 жылғы түлек

Колледж түлектері өз тәжірибелері мен жетістіктерімен бөлісіп, колледжде алған білімдерінің қалай пайдаға асқанын және өмір жолында қандай тірек болғанын айтып берді.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, кәсіби даму мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.

Түлектер үшін «Оқытушыны тап» атты байқау ұйымдастырылды: слайдтағы фотосуреттер бойынша бұрынғы студенттер сүйікті оқытушыларын, студенттік өмірдегі қызықты оқиғаларды еске алды.

Іс-шара жоғары эмоциялық деңгейде өтті. Колледж студенттері өздерінен бұрынғы табысты түлектердің мысалынан пайдалы ақпарат пен шабыт алды.

Колледждің мерейтойы — бұл баршамызға ортақ мереке, алайда ең басты құндылық — сіздер, біздің түлектер! Барлық түлектерге, оқытушыларға және студенттерге осы тамаша кездесу үшін алғыс білдіреміз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.