«Болашақ осы жерден басталады: студенттердің әскери бөлімге сапары»

05 мамыр күні, Отан қорғаушылар күні қарсаңында № 6697 әскери бөлімінде «Ашық есік күні» өтті. Аталған шараға колледжіміздің студенттері қатысты.

Әскери бөлімнің қызметкерлері қонақтар үшін мазмұнды әрі танымдық экскурсия ұйымдастырды. Болашақ сарбаздарға бөлім аумағы таныстырылып, казарма ғимараттары мен әскери техника үлгілері көрсетілді. Сонымен қатар кинологиялық қызметтің жұмысы туралы айтылып, қару-жарақ түрлері таныстырылды.

Кездесу соңында студенттер сарбаздар асханасына шақырылып, әскери қызметкерлердің тамақтану жағдайымен танысты. Ұсынылған ас қатысушыларға ерекше ұнап, жалпы іс-шарадан жақсы әсер алды.

Әскери бөлім басшылығына және Қазақстан Халық партиясына бөлімге барып, әскери қызметпен жақынырақ танысуға мүмкіндік жасағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.