«Әлемге деген көзқарасты өзгертетін кітаптар»

«Оқитын ұлт — оқитын колледж» акциясы аясында 3-курс студенттері кітап оқуды насихаттауға және әлем әдебиетінің үздік шығармаларымен таныстыруға арналған қызықты әрі танымдық іс-шара өткізді.

Іс-шара бағдарламасы оқылған үш кітаптың негізінде дайындалды. Олардың әрқайсысы адам ойлауының ерекшеліктерін, рухани дамуды және өмірдің мәнін іздеуді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Студенттер өз жұмыстарын әртүрлі форматта ұсынды:

— Даниэль Канеманның «Баяу ойла, жылдам шешім қабылда» кітабы бойынша интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. Ойын қатысушыларға адам ойлауының ерекшеліктері мен шешім қабылдау үдерісі туралы ойлануға мүмкіндік берді.

— Дж. Р. Р. Толкиннің «Сақиналар әміршісі: Сақинаныңбауырластығы» шығармасы бойынша театрландырылған көрініс қойылды. Студенттер әйгілі фэнтези шығармасының оқиғаларын сахнада жандандырып, шытырман оқиғалар, достық пен өзара қолдау рухын жеткізе білді. Олар өздерінің шығармашылық қабілеттерімен көрермендерді таңғалдырды.

— Кен Могидің «Икигай. Өмірдің жапондық мәні» кітабының таныстырылымы ерекше әсерлі сәттердің бірі болды. Сол сәтте аудиторияда ерекше тыныштық орнады. Әркім өз ойына шомып, өмірдегі өз мақсаты, өзіне қуаныш пен шабыт сыйлайтын, өміріне мән беретін құндылықтар туралы терең ойға батты.

Бұл үнсіздік кез келген сөзден де әсерлі болды. Ол таңғалдырды әрі шын жүректен қуантты. Өйткені сол тыныштықтың астарында жастардың кітапқа деген шынайы қызығушылығы, ішкі толғанысы және өзін тереңірек тануға деген ұмтылысы сезілді. Қазіргі жастардың тек тыңдап қана қоймай, ойлана білетініне, өмірдің маңызды сұрақтарына жауап іздейтініне көз жеткізу қандай қуанышты!

Осындай сәттерде кітап оқу тек шығармалармен танысу ғана емес екенін терең түсінесің. Ол — өз ішкі әлеміңе үңілуге, өз ойларыңды тыңдауға және, бәлкім, өз икигайыңды табуға жасалған алғашқы қадам.

Іс-шара танымдық әрі шығармашылық атмосферада өтті. Қатысушылар оқыған шығармалары туралы әсерлерімен бөлісіп қана қоймай, олардың идеяларына жаңаша көзқараспен қарауға, өмірлік маңызды мәселелерді талқылауға және өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды.

Кездесу қатысушылардың қызығушылығын оятып, жақсы пікірлерге ие болды. Мұндай іс-шаралар оқырмандық мәдениетті дамытуға, дүниетанымды кеңейтуге және әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

Кітап оқу біріктіреді, шабыттандырады және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.