Заң мен тәртіп — жауапкершілік пен қауіпсіздіктің негізі

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Құқықтану мамандығының 3-курс студенттерінің Қостанай облысы Полиция департаментінің өкілдерімен профилактикалық кездесуі өтті.

Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында дәріс оқыды. Атап айтқанда, дропперлік, тонау, алаяқтық және есірткі заттарын жасырын орындарға жасыру арқылы тарату («закладка») сияқты өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.

Полиция өкілдері студенттерге құқыққа қайшы әрекеттерге қатысудың ықтимал құқықтық салдарын түсіндіріп, жастарды қылмыстық схемаларға тартудың кең таралған тәсілдері туралы айтып берді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, жеке қауіпсіздік, сақтық және күнделікті өмірдегі жауапкершілік мәселелері қозғалды.

Кездесуді Қостанай облысы Полиция департаментінің өкілдері өткізді:

Абилова Н.Т. — полиция полковнигі, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;

Қаратаев Т.М. — лейтенант, жеке құраммен жұмыс басқармасының инспекторы.

Мұндай іс-шаралар студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және заңға деген құрметін нығайтуға ықпал етеді. Кездесу жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.