Бизнес-идеялар фестивалі – кәсіпкерлік жетістіктерге бастар қадам!

2026 жылғы 20 қазанда «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжі» мекемесінде колледждің бизнес-инкубаторы аясында ұйымдастырылған жыл сайынғы «Бизнес-идеялар фестивалі» байқауы өз мәресіне жетті.
Фестиваль студенттердің өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, креативті ойлайтын, тың шешімдер ұсынатын және өз идеяларын болашағы зор бизнес-жобаларға айналдыруға ұмтылатын жастардың басын қосты. Байқаудың басты мақсаты – студенттердің кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту, кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру, өз ісін ашуға қажетті практикалық дағдыларын жетілдіру және болашақта «Мен – кәсіпкермін» республикалық гранд-турниріне қатысушыларды даярлау.
Биылғы оқу жылында байқауға студенттер ерекше қызығушылық танытты. Қазылар алқасы көптеген перспективалы бизнес-идеяларды қарастырып, олардың әрқайсысынан авторлардың заманауи кәсіпкерлік әлемінен өз орнын табуға деген ұмтылысын байқады. Іріктеу нәтижесінде ең қызықты әрі болашағы зор жобалар анықталып, олар бойынша бизнес-модельдерді әзірлеу, жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау және одан әрі дамыту жолдарын айқындау жұмыстары жалғастырылды.
Байқау финалистері қатарынан қазіргі экономиканың өзекті бағыттарын қамтитын 25 бизнес-жобаның авторлары орын алды. Ұсынылған идеялар көлік және логистика, сауда, білім беру, өндіріс пен технологиялар, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік кәсіпкерлік, туризм, медицина және денсаулық сақтау, сұлулық индустриясы, дизайнның түрлі бағыттары мен креативті индустриялар, қонақүй бизнесі және қоғамдық тамақтандыру салаларын қамтыды.
Байқаудың маңыздылығын әртүрлі мамандықтар бойынша білім алатын студенттердің қатысуы арттыра түсті. Олардың қатарында «Банк және сақтандыру ісі», «Есеп және аудит», «Құқықтану», «Менеджмент» және «Маркетинг (салалар бойынша)», сондай-ақ «Менеджмент (салалар мен қолдану аялары бойынша)» мамандықтарының студенттері бар.
«Бизнес-идеялар фестиваліне» қатысу – тек өз жобасын таныстыру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар кәсіби қалыптасу жолындағы маңызды кезең. Бизнес-модельді әзірлеу барысында студенттер бизнесті жүргізу тетіктерін тереңірек түсініп, жобаның даму перспективаларын анықтауды және оның нарықтағы әлеуетті сұранысын бағалауды үйренеді.
Финалистерді алда жауапты кезең күтіп тұр. Үздік жобалар «Мен – кәсіпкермін» гранд-турнирінің өңірлік кезеңіне қатысуға үміткер болады. Бұл кезеңде студенттер өз әзірлемелерін жоғары деңгейде таныстырып, тәжірибе алмасып, республикалық турнирге жолдама алу үшін бақ сынайды.
Жобалар жетекшілері Ковальчук С. К., Увалеева Д. Т., Каратанов М. С. және Василенко С. В. белсенді еңбегі, студенттерге кәсіби қолдау көрсеткені, кәсіпкерлік бастамалардың дамуына ықпал еткені және колледждің іскерлік имиджін нығайтуға қосқан үлесі үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Финалистерімізге өз күштеріне деген сенімділік, жобаларын сәтті қорғау, өңірлік кезеңде жарқын жеңістерге жету және «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің» абыройын «Мен – кәсіпкермін» республикалық гранд-турнирінде лайықты қорғау тілейміз!
Үздік идеялар табысты жобаларға айналып, кәсіпкерлік жолындағы алғашқы қадамдарыңыз үлкен жетістіктердің бастауы болсын!


Директордың блогы