«Оқитын ұлт – оқитын колледж» акциясы аясында

«Поэзияның жанды үні»: колледж студенттерінің ақын Александра Ильинична Суслова мен әдеби кездесуі

«Оқитын ұлт — оқитын колледж» акциясы аясында колледжде студенттердің ақын Александра Ильинична Сусловамен әдеби кездесуі өтті.

Кездесу студенттерге әдебиет әлеміне тереңірек бойлап, ақынның шығармашылығымен жақынырақ танысуға және кітап оқудың қазіргі адам өміріндегі маңызы туралы ойлануға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында Александра Ильинична кітап оқудың маңыздылығы, оның тұлғаның қалыптасуына, дүниетанымының кеңеюіне және рухани құндылықтарының дамуына тигізетін әсері туралы өз ойларымен бөлісті. Ол кітаптың адамға қоршаған ортаны тереңірек түсінуге, қиялын дамытуға, тіл байлығын молайтуға және өмірдегі көптеген сұрақтарға жауап табуға көмектесетінін атап өтті.

Кездесу барысында жастар арасында кітап оқуды насихаттауға, әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Оқитын ұлт – оқитын колледж» акциясының маңызына ерекше назар аударылды. Ақын кітап оқуға деген сүйіспеншілікті жас кезден қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Өйткені кітап оқу адамның таным көкжиегін кеңейтіп, өзін-өзі дамытуына ықпал етеді және рухани тұрғыдан бай, білімді тұлға болып қалыптасуына жол ашады.

Александра Ильинична өз кітаптары туралы әңгімелеп, олардың жазылу тарихымен және шығармашылық жолының ерекшеліктерімен бөлісті. Студенттер ақынның әдеби қызметімен жақынырақ танысып, поэзия мен кітаптың автор өміріндегі орны туралы мағлұмат алды.

Іс-шараның маңызды бөліктерінің бірі – колледж кітапханасының қызметкерлері Қарлығаш Құсманқызы мен Салтанат Танатқызы ұйымдастырған кітап көрмесі болды. Көрмеге «Оқитын ұлт – оқитын колледж» акциясын жүзеге асыру аясында колледж сатып алған жаңа кітаптар қойылды. Көрме студенттерді жаңа басылымдармен және заманауи әдебиеттің сан алуан үлгілерімен таныстырып, кітапхананың білім алу, өзін-өзі жетілдіру және мәдени дамудың маңызды орталығы екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Осындай мазмұнды әрі шабыт сыйлаған кездесуді ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізуге атсалысқаны, сондай-ақ кітап оқуды насихаттауға және студенттердің әдебиет әлеміне қызығушылығын арттыруға қосқан үлесі үшін Тажмакина Галина Кавазовнаға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Кездесу жылы әрі танымдық атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырып, терең ой салды. Мұндай іс-шаралар жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, кітап оқуға баулиды және көркем сөздің мәңгілік құндылығын ұғынуға ықпал етеді.

Кітап оқу — білімге, рухани дамуға және әлемді тануға бастайтын жол. Әрбір оқылған кітап жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, игі істерге шабыт беріп, жас ұрпақтың ана тіліне, туған сөзге және әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыра берсін!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.