Мистер және Мисс ҚҚЖК-2024

2024 жылдың 26 сәуірінде колледжде көптен күткен «Мистер және Мисс ҚҚЖК-2024» көктемгі іс-шарасы өтті. Байқау 3 кезеңнен болды: өзін-өзі таныстыру, шығармашылық көрініс, махаббатын білдіру. Шығармашылық көрініс студенттердің дарындылығы мен мүмкіншіліктерін ашты, олар би билеп, қойылымдар көрсетті. Махаббатын білдіру ата-аналарға, колледжге, Отанға арналды. Байқау номинациялар бойынша бағаланды. Байқау кезеңдерін «Rosmodel» Модельдік агенттігі мен модельдер мектебінің директоры, «Etno fashion week» халықаралық сән апталығының ұйымдастырушысы Карина Теклюк бағалады.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Ең жасампаз жұп» – Шамет Асанбек пен Коцкая Анна, «Ең нәзік жұп» — Таджи Алмаз бен Муздыбаева Дайана, «Ең көркем жұп» — Шестоперов Данил мен Темирбек Данеш, «Ең шығармашыл жұп» Саинбеков Алдияр мен Мельник Валерия марапатталды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша «Мистер және Мисс көрермендер көзайымы» арнайы номинациясын Шестоперов Данил мен Темирбек Данеш алды.  Байқау жеңімпаздары «Мистер және Мисс ҚҚЖК-2024» атағын алған Шамет Асанбек пен Коцкая Анна болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Вам может также понравиться...