Өтініш берушілермен жұмыс

Бүгінгі таңда кәсіптік бағдар беру – белгілі бір іс-әрекетке бейімділікті, қабілеттерді анықтауға және оқушыларды мамандықты саналы түрде таңдап дайындауға бағытталған іс-шаралардың тұтас бір кешені. Кәсіптік бағдардың ең тиімді тәсілдерінің бірі кәсіптік бағдар жөнінде ақпарат беру болып табылады, осы мақсатта 2024 жылғы 27-29 мамыр аралығында оқытушылар: А. Б. Қабдрашова, А. Ж. Құсымбаева, С.К.Мусаинов Амангелді және Жангелді аудандарындағы оқу орындарына барды. Атап айтқанда:

  1. Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Н.Г.Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
  2. Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі» КММ;
  3. Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
  4. Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Амангелді жалпы білім беретін мектебі» КММ;
  5. Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
  6. Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
  7. Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің «Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
  8. Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Амантоғай жалпы білім беретін мектеб» КММ;
  9. Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Амангелді ауданы білім беру бөлімінің А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ.

Түлектермен әңгімелесу барысында оқытушылар колледждегі даярлау бағыттары, оқуға түсу бағыттары мен ережелері, теориялық және тәжірибелік оқытуды ұйымдастыру, студенттердің бос уақыты, стипендия, түлектерді жұмысқа орналастыру туралы толық айтып берді. Балалар мұқият тыңдап, қызықтырған сұрақтарын қойды, кейбір оқушылардың оқу орнымен жақынырақ танысуға деген ұмтылысы пайда болды.

                В рамках таких встреч у ребят есть возможность сконструировать свою образовательную деятельность при выборе будущей профессии. Кездесу соңында жоғары сынып оқушылары ақпараттық үлестірме материалдар алды.

                Мұндай кездесулер болашақ талапкерлерді оқу орындарына тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушыларға еліміздің білім беру мекемелері туралы толық ақпарат беріп, саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді.

«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІНЕ БАРЛЫҚ ТІЛЕК БІЛДІРУШІЛЕРДІ КҮТЕМІЗ!

Вам может также понравиться...