Интеллектуалдық ойын: «Логика қайда?» мектеп оқушыларына арналған




2025 жылдың 18 қарашасында Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөліміне қарасты М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Логика қайда?» интеллектуалдық ойыны өтті. Іс-шара әлеуметтік-құқықтық мамандықтар кафедрасының оқытушысы Қаратанов Марат Сұлтанұлының жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Ойын барысында қатысушылар аналитикалық ойлауын, логикалық тапсырмалармен жұмыс істей білу қабілетін және мәселелерді стандартты емес тәсілмен шешу дағдыларын көрсетті. Интеллектуалдық сайыс форматы оқушылардың аргументация, логикалық талдау және жедел шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық бағытқа қызығушылығын арттыруға ықпал еткен мазмұны бай әрі танымдық алаңға айналды.
9–11 сынып оқушыларын болашақ мамандарды сапалы дайындауға тамаша жағдай жасайтын өңірдегі жетекші оқу орындарының бірі – Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжіне оқуын жалғастыруға шақырамыз!


Директордың блогы