«Теория мен тәжірибе: адвокатпенбинарлықсабақтағыкәсібисұхбат»

Бүгін 2026 ж. 26.02 күні колледжде арнайы пәндер оқытушысы Успанова З.Н.-ның ұйымдастыруымен Құқықтану мамандығының 2-курс студенттеріне арналған бинарлық сабақ өтті. Сабақ ерекше форматта ұйымдастырылып, тәжірибелі адвокат Найманов Азамат Байгутович шақырылды. Бұл теориялық білім мен нақты заң тәжірибесін ұштастыруға мүмкіндік берді.

Кездесу барысында Азамат Байгутович қылмыстық құқық баптарының тәжірибеде қолданылуы туралы кеңінен баяндап, оларды саралау ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар, өзінің кәсіби тәжірибесіндегі қызықты істермен бөлісіп, қорғау стратегиясын құру жолдарын және адвокат жұмысының маңызды қырларын түсіндірді.

Студенттер белсенділік танытып, тергеу үдерісі, соттағы қорғау тактикасы және болашақ заңгерге қажетті кәсіби қасиеттер туралы көптеген сұрақтар қойды. Сабақ мазмұнды, тартымды әрі танымдық форматта өтті.

Мұндай бинарлық сабақтар студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, теория мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайтады. Кездесу студенттерге үлкен әсер қалдырып, олардың болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттырды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.