«Кәсіпкерлік пен стартаптар экономиканы дамытудың қозғаушы күші ретінде» атты облыстық бизнес-жобалар байқауы

Бүгін Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Кәсіпкерлік пен стартаптар экономиканы дамытудың қозғаушы күші ретінде» атты облыстық бизнес-жобалар байқауы өтті. Іс-шара колледждің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – жастардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту, инновациялық бастамаларды қолдау және бизнес-жоспарлау мен стартап қызметі саласындағы практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Байқауға Қостанай облысының келесі колледждерінің студенттері қатысты: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК, «Жітіқара политехникалық колледжі» КМҚК, «Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі» КМҚК, сондай-ақ «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесінің студенттері.

Қатысушылар әртүрлі бағыттар бойынша авторлық бизнес-идеяларын ұсынып, жоғары дайындық деңгейін, креативті көзқарасты, кәсіпкерлік ойлауды және заманауи әрі сұранысқа ие жобаларды жүзеге асыруға деген ұмтылыстарын көрсетті.

Қатысушылардың жұмыстарын құрамына Қостанай облысы білім басқармасының бас маманы Әбдібекова Гүлнара Нұрланқызы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Костенюк Надежда Владимировна, сондай-ақ колледждің әлеуметтік серіктесі – «Хоум Кредит Банк» АҚ өкілі Рубаник Галина Фёдоровна енген құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.