«70 жыл даму: дәстүр, инновациялар және кәсіби білім беру» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды

13 мамыр күні колледждің 70 жылдық мерейтойы аясында «70 жыл даму: дәстүр, инновациялар және кәсіби білім беру» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияның басты мақсаты – колледждің қалыптасу тарихын саралау, білім беру саласындағы жетістіктерді көрсету, тәжірибе алмасу және қазіргі кәсіби білім берудегі инновациялық бағыттарды талқылау болды.

Іс-шараға колледждің төрт кафедрасының оқытушылары белсенді қатысты. Әр секция бойынша оқытушылар өзекті тақырыптарды таңдап, мазмұнды баяндамалар ұсынды. Баяндамаларда білім беру жүйесіндегі заманауи өзгерістер, оқытудағы жаңа технологиялар, кәсіби даярлық сапасын арттыру, цифрлық трансформация және тәжірибелік оқыту мәселелері қамтылды.

Конференция барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ғылыми пікірталас жүргізіп, кәсіби көзқарастарын ортаға салды. Сонымен қатар іс-шара аясында қатысушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі интерактивті жұмыстар, викториналар, шығармашылық тапсырмалар және командалық жұмыс элементтері ұйымдастырылды.

Конференция кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, педагогтердің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға және колледждің білім беру дәстүрлерін жаңа инновациялық үрдістермен ұштастыруға мүмкіндік берді.

70 жылдық тарихы бар оқу орнының жетістіктері мен тәжірибесі болашақтағы жаңа белестерге негіз болатыны атап өтілді. Соңында белсенді қатысушылар мен үздік баяндамашылар түрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.