Заңкүші-жастардыңкүші: болашақзаңгерлердіңоблыстықтурнирі







2026 жылдың 20 ақпан күні колледжде «Заңның күші және жастардың құқықтық интеллектісі – Қазақстанның кадрлық әлеуеті» атты Құқықтану мамандығының 3-курс студенттері арасында облыстық командалық турнир өтті. Интеллектуалдық ойын біздің колледжіміздің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, мерейтойлық іс-шаралардың жарқын бөлігіне айналды.
Турнирге белсенді, білімді және мақсатшыл студенттер қатысып, өздерінің құқықтық білім деңгейін, талдау қабілетін және командалық бірлігін көрсетті. Сайысқа үш колледждің командалары қатысты:
- «Люди в чёрном» — «Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесінің студенттері;
- «Порядок и закон» — «Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесінің студенттері;
- «Юр лига» — «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесінің студенттері.
Қатысушыларды бес қызықты кезең күтіп тұрды:
- «Командалық бренд»
- «Видеолот»
- «Заңдық ребус»
- «Видеоказус»
- «Капитан қорғау үстінде»
Әр кезең студенттерден терең теориялық білімді ғана емес, оны тәжірибеде қолдана білуді, құқықтық жағдайларда жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауды және өз ұстанымдарын дәлелдеуді талап етті.
Құрамында құқық қорғау органдарының, адвокаттар қауымдастығының және мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері бар қазылар алқасы командалардың білімін, тапқырлығын және ұйымшылдығын бағалады.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
I орын — «Порядок и закон»
II орын — «Юр лига»
III орын — «Люди в чёрном»
Бұл турнир болашақ заңгерлердің жоғары дайындық деңгейін, кәсіби дамуға деген ұмтылысын және құқықтық мемлекет қалыптастыруға қосар үлесін айқын көрсетті. Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, еліміздің болашағы — білімді де білікті мамандар екенін дәлелдейді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жарқын ойын мен кәсіби шеберліктері үшін алғыс білдіреміз!


Директордың блогы