Мектеп оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру бойыншасыныптантысіс-шара«Мамандықтар атласы»

2026 жылдың 20 ақпанында «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжі» мекемесінің 70 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Менеджмент, маркетинг және логистика» кафедрасының оқытушылары Е.В. Громова мен А.И. Сысоева мектеп оқушыларына «Мамандықтар атласы» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Біздің қонақтарымыз Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№18 мектеп-гимназиясы» КММ оқушылары болды.

Бұл кездесу – тоғызыншы сынып оқушыларымен мамандық таңдау туралы сұхбат.

Іс-шараның мақсаты: мектеп оқушыларын колледж мамандықтарымен таныстыру, түрлі кәсіптер туралы түсініктерін кеңейту және саналы түрде таңдау жасауға көмектесу.

Қызықты ойын форматында «Ең, ең мамандықтар» блиц-турнирі және «Профлото» ойыны өткізілді, онда оқушылар сипаттама бойынша мамандықты анықтауы  болды. Колледж студенттері өз мамандықтарымен таныстырып, жеке тәжірибелерімен бөлісіп, мамандықты таңдауы туралы айтып берді. Оқушылар оқытушымен бірге мамандықты саналы таңдаудың формуласын құрастырды.

Кездесу қызықты өтті, оқушылар іс-шара барысында белсенді жұмыс жасады. Мектеп оқушылары ұсынылған барлық ойындар мен тапсырмаларға үлкен қызығушылықпен және ынтамен қатысты.

Оқытушылар мен мектеп оқушыларына бірлескен жұмыстары үшін алғыс білдіреміз және өз қабілеттеріңізді ашуға мүмкіндік беретін мамандықты таңдауларыңызға тілектеспіз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.