Студенттердің банк саласының өкілдерімен кездесуі




16 Сәуірде есеп-қаржы мамандықтары кафедрасының іс-шаралары аясында «Банк және сақтандыру ісі» мамандығының екінші курс студенттерінің «Home Credit Bank» АҚ Қостанай қаласындағы филиалы мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуге Қостанай қаласындағы «Home Credit Bank» АҚ филиалының персоналмен жұмыс жөніндегі менеджері Рубанник Галина Федоровна және «Қазақстан Халық банкі» АҚ Қостанай филиалының цифрлық қызмет көрсету менеджері Беззубова Ангелина қатысты. Іс – шара халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру стратегиясын іске асыруға және колледждің әлеуметтік әріптестер-коммерциялық банктермен өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған.
Кездесу аясында БСДк-2, БСД-4, БСД-5 топтарының студенттері заманауи банк өнімдерін талқылады, ҚР банк жүйесінің өзекті мәселелерін қарады, сондай-ақ «лаяқтардың құрбаны болмау жолдары» ұсынымдарын алды.
Кездесу барысында банк қызметкерлері клиенттерге-бизнес өкілдеріне бизнесті қолдау бағдарламалары бойынша кеңес берумен байланысты іскерлік ойынға қатысты, сондай-ақ өз тәжірибелерімен және клиенттерге қызмет көрсету бойынша кеңестерімен бөлісті.
Кездесу аясында студенттер өз бизнестерін қалай бастау керектігін және «Home CREDIT BANK» АҚ оларға бұған қалай көмектесе алатынын білуге мүмкіндік алды.
Кездесу соңында банк өкілдері студенттік аудиторияның сұрақтарына жауап берді.


Директордың блогы