«Құқықтық сауаттылық – іс жүзінде: Құқықтану мамандығы студенттеріне арналған азаматтығы жоқтық, босқын мәртебесі және адам құқықтары тақырыбындағы дәріс»






2026 жылғы 21 сәуірде «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесінде Құқықтану мамандығының 2-курс студенттеріне арналған дәріс өтті. Іс-шараға «Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы» Қостанай филиалының өкілі қатысты.
Дәріс барысында азаматтығы жоқтық мәселелері, босқын мәртебесін айқындау тәртібі мен ерекшеліктері, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы негізгі аспектілер қарастырылды. Лектор аталған тақырыптар бойынша халықаралық және ұлттық құқықтық нормаларды түсіндіріп, кәсіби тәжірибеден нақты мысалдар келтірді.
Іс-шараның тәжірибелік бөлігіне ерекше назар аударылды. Студенттер құқықтық кейстерді талдап, түрлі жағдайларды бірлесіп шешіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Мұндай формат теориялық білімді бекітіп қана қоймай, құқықтық талдау, дәлелдеу және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Осындай іс-шаралар студенттердің адам құқықтары мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және болашақ мамандарды күрделі құқықтық міндеттерді шешуге дайындауға ықпал етеді.


Директордың блогы