НВТП пәнінің оқытушысы Майкенов 3 курс студенттері (жігіттер) арасында агитациялық (кәсіби бағдар беру) іс-шара өткізді.

Кездесу барысында білім алушылар әскери қызметті өткеру тәртібі, оның маңызы мен жастар үшін ашатын мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алды. Оқытушы әскерге шақыру талаптары, әскери қызметке қабылдау шарттары жөнінде түсіндіріп, студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара ашық әңгіме форматында өтіп, қатысушылардың қызығушылығын арттырды және азаматтық әрі әскери борышты саналы түрде орындауға деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етті.


Директордың блогы