Теориядан тәжірибеге: құқық жүйесінің тірі болмысымен бетпе-бет

2026 жылғы 9 сәуірде «Құқықтану» мамандығының П-82 тобының 2-курс студенттері РММ «Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы бойынша Сот әкімшілігі департаменті»-не экскурсияға барды. Экскурсия арнайы пәндер оқытушысы Успанова З.Н. тарапынан ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта студенттер «Іс жүргізу стандарттарын және заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру» атты 2-ші кәсіби модуль оқып жатыр. Аталған модуль аясында кадр қызметтерінің қызметі, кеңсе жұмысы (кіріс және шығыс құжаттары), сондай-ақ мұрағат ісін ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.

Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында студенттер сотқа барып, құжат айналымының нақты ұйымдастырылуымен, кеңсе және мұрағат жұмысының ерекшеліктерімен, сондай-ақ сот жүйесінің қызмет ету қағидаларымен танысты.

Экскурсия барысында заманауи цифрлық шешімдерге ерекше көңіл бөлінді. Сот қызметкерлері электрондық іс жүргізу жүйелері мен жұмыс барысында қолданылатын арнайы ақпараттық платформалар туралы, соның ішінде «e-Kyzmet» жүйесіне ұқсас бағдарламалар жайлы айтып берді. Бұл студенттерге құжат айналымын автоматтандыру үдерістерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, студенттер сот мұражайына барып, сот жүйесінің қалыптасу тарихымен танысып, архивтік материалдар мен жәдігерлерді тамашалады.

Аталған іс-шара болашақ заңгерлердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып, олардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруына және құқықтың қоғамдағы маңызын тереңірек түсінуіне ықпал етті.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

The owner of this website has made a commitment to accessibility and inclusion, please report any problems that you encounter using the contact form on this website. This site uses the WP ADA Compliance Check plugin to enhance accessibility.