Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Нурушева А.С. 2025 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа Заңы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Аталған заң құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, әсіресе кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқыққа қайшы мінез-құлықтың себептерін жоюға бағытталған. Құжатта білім беру ұйымдары мен педагогтердің құқық бұзушылықтардың алдын алу субъектілері ретіндегі маңызды рөлі айқындалған.
Жүргізілген жұмыс құқықтық сауаттылықты арттыруға және қауіпсіз білім беру ортасын нығайтуға ықпал етті.


Директордың блогы